Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    «Әкемнің табысы аз, тұрмыс ауыр»: Динара Сәтжанның күйеуі қиын кезеңдерді өткергенін айтты

    «Әкемнің табысы аз, тұрмыс ауыр»: Динара Сәтжанның күйеуі қиын кезеңдерді өткергенін айтты

    Фото: Instagram/zhumabek_zhanykulov

    Журналист, тележүргізуші Динара Сәтжанның ауқатты күйеуі Жұмабек Жанықұл жеке өмірі туралы сыр шертіп, ағынан жарылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

    «Әкем марқұмның бір ауыз сөзі өмірімнің темір қағидасына айналды… Кәсіптің алғашқы қадамдары, алмағайып заман… Кеңес Одағы құлап, бәрі өзгеріп жатқан кез. Әкемнің табысы аз, тұрмыс ауыр. Ал мен бір ай ата-анама беріп жүрген көмегімді кешіктіріп алдым…

    Сол бір айда олардың шығыны көбейіп, бірнеше күн үйде бір үзім нан да болмағанын кейін білдім… Бірақ бұл шағым емес, өкпе емес, үнсіз көтерілген сынақ еді.

    Кешкі әңгімеде осыны кездейсоқ естігенде, жүрегім сыздап кетті. Сонда мен әкеме:
    «Әке, неге айтпадыңыз? Неге хабарласпадыңыз? Мені ренжітпеңізші…»

    Әкем сабырмен ғана қарап: «Балам, менің ұлылығым таршылықты көрсетпей, ешкімге мұңымды артпау. Ал сенің ұлылығың көмекті білдіртпей жасау, адамды сұратпай-ақ қолдау» дегені бар еді.

    Осындай биік мінезді әкенің тәрбиесін көру менің ең үлкен байлығым… Асқар тау Әкем 84 жасқа келуші еді.., Сағындым…», — деп жазды ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →