Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

    Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Белгілі актер, театр режиссері, профессор, платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаев қайтыс болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Министрлік Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Несіпбайұлы Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

    — Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік ұстаным қазақ театрының алтын қорында қала бермек. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Есмұхан Несіпбайұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын! — делінген хабарламада.

    Бұдан бұрын талантты өнер иесі, айтыс ақыны Кәдірхан Қизатұлы өмірден озғанын жазған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →