Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Бибісарадан тарихи жеңіс: енді ол әлем чемпионымен кездесуі мүмкін

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде украиналық қарсыласын жеңіп, көш басына шықты. Енді ол әлем тәжіне таласа алады.

    Бибісарадан тарихи жеңіс: енді ол әлем чемпионымен кездесуі мүмкін
    file_843.jpg

    Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде қатарынан екінші жеңісіне жетіп, көш басына шықты. Бұл нәтиже оған әлем чемпионы атағы үшін таласуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Турнирдің 13-турында Бибісара украиналық Анна Музычукпен кездесті. Бұл ойынға дейін екі шахматшы да турнир кестесінде 3-4 орындарды бөлісіп тұрған еді. Ақ фигуралармен ойнаған отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, турнирдегі төртінші жеңісін тойлады.

    Осы жеңістен кейін Бибісара Асаубаева 7,5 ұпай жинап, үндістандық Вайшали Рамешбабумен бірге бірінші орынға көтерілді. Ал үшінші орында 7 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр келеді.

    Шешуші соңғы тур 15 сәуірде өтеді. Асаубаева бұл жолы үндістандық Дивья Дешмукхпен ойнайды. Айта кетерлігі, турнирдің алтыншы турында қазақстандық шахматшы дәл осы қарсыласынан жеңіліп қалған болатын.

    Егер турнир қорытындысы бойынша бірінші орындағы шахматшылардың ұпай саны тең болса, 16 сәуірде тай-брейк өтеді. Үміткерлер турнирінің жеңімпазы әлемнің қазіргі чемпионы – қытайлық Цзюй Вэньцзюнмен әлем тәжі үшін таласу құқығына ие болады.

    Фото: FIDE

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →