Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    «Қазақмыс» кеншілер қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтереді

    «Қазақмыс» кеншілер қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтереді

    Фото: Қазақмыс

    Өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайту стратегиясы аясында кеніштің медициналық пункті базасында «АМТЖ» бағдарламалық-аппараттық кешенін сынақтан өткізу басталды. Жоба ауысым алдындағы тексеруді толық автоматтандыруға және жұмысқа рұқсат беру кезінде адам факторына тәуелділікті жоюға бағытталған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қызметкерге ауысым алдында жедел тексеруден өтуге мүмкіндік беретін интеллектуалды терминал автоматты түрде қан қысымын, тамыр соғысы мен дене температурасын өлшеп, алкогольге тест жүргізеді. Сонымен қатар жұмыскердің шағымы мен психофизиологиялық жағдайы да талданады.

    Кешеннің негізгі қызметінің бірі – көз қарашығының реакциясын бағалау. Бұл шаршау, күйзеліс және тыйым салынған заттарды қолдану белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қауіпсіздікке әсер етуі мүмкін жағдайдағы қызметкердің жұмысқа жіберілу қаупі төмендейді.

    Жүйенің маңызды элементтерінің бірі – деректі жинақтау және өңдеу қызметі. Барлық тексеру нәтижесі персоналдың денсаулық жағдайын талдау үшін қолданылатын бірыңғай цифрлық базаға біріктіріледі. Бұл созылмалы ауытқуларды анықтауға, көрсеткіштердің динамикасын бақылауға және ықтимал қауіп туралы жұмыскер мен медициналық персоналды дер кезінде хабардар етуге мүмкіндік береді.

    Жүйе тек бақылауды ғана емес, профилактикалық қызметті де атқарады. Ол денсаулыққа дер кезінде назар аударуға және аурулардың даму қаупін азайтуға көмектеседі.

    «АМТЖ» жүйесін енгізу адам факторынан туындайтын төтенше оқиғалар санын азайтуға, сондай-ақ үдерісті цифрландыру арқылы медициналық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

    Тәжірибелік-өндірістік сынақ 2026 жылғы мамыр айының соңына дейін жалғасады.

    «АМТЖ» жүйесін пайдалану – кәсіпорынның еңбекті қорғаудың заманауи стандартын дамытуға, аурудың алдын алуға және өндірістік жарақаттануды болдырмауға қосқан нақты үлесі болып саналады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →