Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Астанадағы кәсіпорын «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

    Астанадағы кәсіпорын «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

    Фото: QazaqToday.info

    Елордада өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бизнес өкілдері де белсенді араласып жатыр. Солардың қатарында «СВС-АСТАНА» ЖШС бар. Кәсіпорын ұжымы өз аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны күтіп ұстауға үлес қосты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Акция аясында қызметкерлер өндірістік аймақты ретке келтіріп, жиналған қоқысты шығарып, көктемгі күтім жұмыстарын бастады. Ағаштар бұталып, жерге түскен жапырақтар жиналды. Сонымен қатар бордюрлерді сырлау үшін дайындық жұмыстары қолға алынған.Компания басшылығы мұндай шараларды жүйелі түрде өткізуді маңызды деп санайды. Өйткені қала тазалығы тек арнайы қызметтердің ғана емес, әрбір ұйым мен тұрғынның жауапкершілігі екені жиі айтылып келеді.

    Орталық директоры Александр Кельвихтің сөзінше, ұжым бұл акцияға саналы түрде қосылған:

    “Біз «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаймыз және оған тұрақты түрде қатысып келеміз. Себебі айналамыздың таза болуы – бәрімізге ортақ міндет.

    Қазіргі уақытта компанияда 39 адам жұмыс істейді. Бүгін соның алтауы тазалыққа жұмылдырылды. Олар аумақты ретке келтіріп, жапырақтарды жинап, ағаштарды бұтап, бордюрлерді бояуға дайындап жатыр.

    Ауа райы қолайлы болса, ертең бояу жұмыстарын бастаймыз.

    Мұндай жұмыстарды біз жыл сайын өткіземіз. Әсіресе қыс пен күзден кейін аумақты тазартуға ерекше назар аударамыз”.

    «СВС-АСТАНА» ЖШС – Астанадағы жүк көліктеріне қызмет көрсететін заманауи орталықтардың бірі. Нысан 2024 жылы «Байқоңыр» ауданында пайдалануға берілген. Мұнда көлік кузовтарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және құрастыру жұмыстары жүргізіледі.

    Кәсіпорын жылына 50-ге дейін кузов өңдеуге қауқарлы. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метр болатын өндірістік кешен елорданың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған. Жобаны іске асыру кезінде жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетілген. Қалалық әкімдік пен салалық басқармалар нысанды іске қосуға дейінгі кезеңдерде қажетті көмегін берген.Сарапшылардың пікірінше, бизнес өкілдерінің мұндай бастамаларға қатысуы қоғамдағы экологиялық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді. Бұл – жауапты кәсіпкерліктің айқын көрінісі.Қазір Астанада көктемгі тазалық жұмыстары қарқын алған. Қала тұрғындары мен ұйымдар акцияға біртіндеп қосылып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →