Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі?

    «Күтпеген нәтиже»: Михаил Шайдоров жоғары баға алды

    «Күтпеген нәтиже»: Михаил Шайдоров жоғары баға алды

    Фото: Сали Сабиров/ҚР МОҚ

    Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтің Олимпиададағы тарихи жеңісіне жоғары баға берді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Олимпиада ойындарының ресми Instagram парақшасында 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында алтын медаль жеңіп алған спортшы туралы жазба жарияланды. Онда Михаил Шайдоровтың өнері жоғары бағаланған.

    — Михаил Шайдоров Милан–Кортина Олимпиадасындағы дебютінде күтпеген нәтиже көрсетті. 21 жастағы спортшы мықты қарсыластарымен бәсекеге түсіп, еркін бағдарламада 198,64 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартты. Өнер көрсеткеннен кейін эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алды. Кейін оның Олимпиада чемпионы атанғаны белгілі болды.

    Осылайша, ол Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтын медальді жеңіп алып, 1994 жылдан бергі қысқы Олимпиада ойындарындағы елдің алғашқы алтынын иеленді, — делінген хабарламада.

    Қысқа бағдарламадан кейін Михаил Шайдоров бесінші орында тұрған. Дегенмен еркін бағдарламада жоғары нәтиже көрсетіп, қарсыластарын басып озды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →