Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан

    СҚО-да қазылған жер сол күйі қалды: халық батпақ кешіп жүр, жолды кім қалпына келтіреді?

    СҚО-да қазылған жер сол күйі қалды: халық батпақ кешіп жүр, жолды кім қалпына келтіреді?

    Фото: видеодан скрин

    Солтүстік Қазақстан облысында кәріз жүйесін жүргізгеннен кейін жолдың жағдайы мүшкіл күйде қалған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жұмыс барысында жол толықтай бүлінген.

    Ал оны бұрынғы қалпына келтіру әлі күнге дейін жасалмаған. Қазір бұл көшеден көлікпен жүру қиын, әсіресе жаңбыр мен еріген қар кезінде жағдай тіпті ушығады.

    Кадрларда тұрғындардың батпақ кешіп жүргені анық көрінеді. Жолдың орны ойылып, шаң мен лай араласқан қара жолға айналған.
    Халық бірнеше рет шағымданғанымен, нақты нәтиже жоқ дейді.

    Мамандар мұндай жұмыстардан кейін мердігерлер жолды толық қалпына келтіруге міндетті екенін айтады. Алайда бұл талаптың сақталмай отырғаны байқалады. Қазір мәселе бақылауға алынғанымен, тұрғындар нақты әрекет күтуде.

    Дереккөз: osdp.sko.kz / sko_kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →