Фото: Pixabay
Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай ату фактілері қоғамды дүрліктірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда түн ішінде оқ атылғаны, жануарлардың өлекселері табылғаны көрінеді. Куәгерлер бұл әрекеттердің жүйелі түрде қайталанып жатқанын айтады.
Белсенділер мұны «реттеу» емес, ашық заң бұзушылық деп бағалап отыр. Олардың сөзінше, бюджеттен бөлінген қаржы гумандық әдістерге жұмсалуы тиіс.
Алайда нақты жерде оқ ату мен күш қолдану байқалады. Бұл іске қатысы бар адамдардың әрекеті Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес қаралуы мүмкін.
Қоғам өкілдері прокуратура мен басқа да органдарға бірнеше рет шағым түсірген. Егер жағдай өзгермесе, мәселе республикалық деңгейге дейін көтерілмек. Қазір жұрт «заң бәріне бірдей ме?» деген сұрақты ашық қойып отыр.
