Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

Бивол Головкинмен кездесті: «Оның мінезі маған шабыт берді»

Бокс жұлдыздары Головкин, Бивол, Усик және Бетербиев бірге суретке түсті. Дмитрий Бивол GGG-мен кездесуден алған әсерін бөлісіп, оны шабыттандырғанын айтты.

Бивол Головкинмен кездесті: «Оның мінезі маған шабыт берді»
file_772.jpg

Бокстан әлем жұлдыздары Геннадий Головкин, Дмитрий Бивол, Александр Усик және Артур Бетербиев Сауд Арабиясында өткен беделді «Ring Awards» сыйлығын табыстау рәсімінде бас қосып, бірге суретке түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Аталған суретті ресейлік боксшы Артур Бетербиев өзінің Instagram парақшасында жариялады. Тарихи сәтке куә болған жанкүйерлер бұл суретті «заманымыздың аңыздары жиналған көрініс» деп бағалады.

Кездесу барысында жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Бивол қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкин туралы жылы лебізін білдірді. Ол GGG-дің рингтегі және өмірдегі қарапайымдылығы мен өзін ұстауы әрқашан шабыттандыратынын атап өтті.

Өз кезегінде Артур Бетербиев те шараны ұйымдастырған Түрки Әл-Шейхке алғысын жеткізді.

«Ring Awards шарасына қатысқаныма қуаныштымын. Түрки Әл-Шейхке мен үшін жасаған барлық жақсылығы үшін алғыс айтамын», — деді Бетербиев.

Айтулы кеште Головкин, Бивол, Усик және Бетербиевтен бөлек, бокс әлемінің ықпалды тұлғасы Түрки Әл-Шейх пен британдық спортшы Конор Бенн де болды. Желі қолданушылары бұл суретке «ең қауіпті фото» деген сияқты баға беріп, таңданысын жасыра алмады.

Фото: instagram.com/arturbeterbiev/

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →