Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жылыту маусымы 9 қазаннан басталады • Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады • Президентіміз Оман Сұлтандығының Әл Саид орденімен марапатталды • Астанада Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктің үстіне құлады: кім жауап береді? • 23 жастағы қыз баланы сүйген: анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды • 30-дан астам ықтимал педофил және жаңа тізілім: «Жаңа адамдар» подкастта не айтты? • Алматыда жылыту маусымы 9 қазаннан басталады • Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы мәлімдеме жасады • Президентіміз Оман Сұлтандығының Әл Саид орденімен марапатталды • Астанада Talan Towers-тен құрылыс материалдары көліктің үстіне құлады: кім жауап береді? • 23 жастағы қыз баланы сүйген: анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды • 30-дан астам ықтимал педофил және жаңа тізілім: «Жаңа адамдар» подкастта не айтты? •

    Өскемендегі автобуста педофил жүр: балаларды қорқытқан ер адамға жолаушылар араша түсті

    Өскемендегі автобуста педофил жүр: балаларды қорқытқан ер адамға жолаушылар араша түсті

    Өскеменде қоғамдық автобустың ішінде болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам шамамен 10–12 жастағы қыздарға тиісіп, оларды қорқытып, өзін күмәнді ұстаған. Балалар қауіптеніп, аялдамасына жетпей автобустан түсіп қалуға мәжбүр болған. Оқиға кезінде автобуста отырған жолаушылардың бірі араласып, ер адамның әрекетіне тоқтау салған.

    Желі қолданушылары мұндай жағдайдың қоғамдық көлікте болуы қауіпсіздік мәселесін қайта көтерді деп жазып жатыр. Көпшілік ата-аналар балалардың жалғыз жүруі қауіпті болып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Пікір жазғандар мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін полиция мен жауапты органдар бақылауды күшейтуі керек дейді. Сонымен қатар тұрғындар қоғамдық көліктерде бейнебақылау мен тексеріс неге дұрыс жұмыс істемейді деп сұрақ қойып жатыр. Бұл жағдай қоғамдағы бейқамдықтың соңы үлкен қауіпке әкелуі мүмкін екенін тағы көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →