Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • «Шексіз құжат толтырма»: Депутаттар дерігерлердің жұмысын реттеу керектігін айтты • Моңғолиялық қазақ балуаны Азия ойындарында дзюдодан алтын алды • Әке иісі сәбидің бейтаныс адамдармен қарым-қатынасын жақсартады – зерттеу • Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттан құлап көз жұмды • Алматыда алғаш рет робот көмегімен асқазанға ота жасалды • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады •

    Көкшетауда көктем келсе болды – былтыр жөнделген жол тағы шұрық-тесік

    Көкшетауда көктем келсе болды – былтыр жөнделген жол тағы шұрық-тесік

    Фото: видеодан скрин

    Көкшетауда көктем басталысымен жолдардың жағдайы тағы сын көтермей қалды. Әлеуметтік желіде тараған видеода қаланың орталық көшелерінің біріндегі қиылыста асфальт опырылып, шұңқырлар пайда болғаны көрінеді. Көлік жүргізушілері бағдаршамда тоқтаған сайын жолдағы ойықтарды айналып өтуге мәжбүр.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жол өткен жылы ғана жөндеуден өткен. Алайда қар еріп, күн жылығаннан кейін асфальттың қайтадан бұзылуы сапаға қатысты сұрақ тудырып отыр. Әсіресе көлік көп жүретін қиылыстарда шұңқырлар көбейіп, жүргізушілерге қауіп төндіруде.

    Мұндай жағдай жыл сайын қайталанатынын айтқан тұрғындар жөндеу жұмыстарының неге ұзаққа шыдамайтынын түсінбей отыр. Қала әкімдігі жыл сайын жол жөндеуге қаржы бөлінетінін хабарлайды, бірақ нәтиже көктем сайын қайтадан көрінеді.

    Жүргізушілер сапасыз жөнделген жолға жауаптылар нақты тексеріліп, мердігерлерге талап күшейтілуі керек дейді. Әйтпесе «жөнделді» деген жолдың бір маусымға да жетпеуі тұрғындардың ашуын туғызуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →