Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды

    Семейде сорақы жол шаршатты: әкімдіктің құр уәдесінен халық әлі азап шегіп жүр

    Семейде сорақы жол шаршатты: әкімдіктің құр уәдесінен халық әлі азап шегіп жүр
    Фото: видео скриншот

    Семей қаласында жол мәселесі тағы да тұрғындардың наразылығын туғызды. Қаладағы Кирпичный ауданында, Жоламан бағытына өтетін теміржол өткелі маңындағы жолдың жағдайы әбден нашарлаған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жүргізушілердің айтуынша, жолдың бүлінгені сонша, кей көліктердің подвескасы сынып, жүргізушілер айналып өтуге мәжбүр. Соның салдарынан кептеліс пайда болып, адамдар жұмысқа кешігетін жағдайлар жиілеген. Бұл учаскеде жүру күн сайын қиындап бара жатқанын тұрғындар ашық айтып отыр.

    Тұрғындардың сөзінше, бұл мәселе жаңа емес. Бұған дейін әкімдік өкілдері шұңқырларды уақытша жауып, жолды ретке келтіреміз деп уәде берген. Алайда арада уақыт өтсе де, жолдың жағдайы өзгермеген.

    Қала тұрғындары негізгі жолдардың өзі осындай күйде қалса, қауіпсіздік туралы сөз қозғаудың өзі қиын екенін айтады. Олар әкімдіктен нақты жөндеу жұмыстарының қашан басталатынын түсіндіруді талап етіп отыр.

    Жол мәселесінің ұзақ уақыт шешілмеуі бюджет қаражаты қайда жұмсалып жатыр деген сұрақты да күшейтіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →