Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? • «Менімен алысқанша төрешілермен алысыңдар»: Аслан Қаженов өткір мәлімдеме жасады • Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасын қабылдады • Бернд Ульбрихт корпорация бастамаларына қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? • «Менімен алысқанша төрешілермен алысыңдар»: Аслан Қаженов өткір мәлімдеме жасады •

    Атырау тұрғыны үйінде питон ұстаған

    Атырау тұрғыны үйінде питон ұстаған

    Фото: Pixabay

    Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабының 1-бөлігі бойынша азаматша Д.-ға қатысты іс қаралды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Сот деректеріне сәйкес, ол тұрғылықты мекенжайында салмағы 30 кг, ұзындығы 3–3,5 метр болатын питонды CITES талаптарына сәйкес рұқсат құжатсыз ұстаған.

    Құқық бұзушылық фактісі хаттамалармен және фотосуретпен дәлелденді. Кодекстің 389-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай жағдайда жануар тәркіленіп, жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

    Сот қаулысымен азаматша Д. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде айыппұл салынды. Жеке жағдайы ескеріліп, айыппұл сомасы 30%-ға қысқартылып, 30 275 теңге көлемінде белгіленді. Питон мемлекет кірісіне тәркіленді.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277724-atyrauda-uiinde-piton-ustagan-aielge-aiyppul-salyndy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →