Семейдегі алапат өрт: балалар сырт киімсіз аязға шығуға мәжбүр болды

Семейдегі ірі ойын-сауық орталықтарының бірінде алапат өрт шығып, ғимараттан адамдар шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан тараған видеолардан суық күнде сырт киімсіз далаға жүгіріп шыққан адамдарды, оның ішінде балалардың да болғанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, жалын лезде күшейіп, ғимаратты қалың қара түтін басқан.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің күрделі екенін растады. Ведомство мәліметінше, жалынның тез таралуына байланысты ғимараттың шатыры ішінара опырылып түскен.

«Өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі мен қалың түтін кедергі келтіріп жатыр. Жалынды ауыздықтау үшін периметр бойынша су атқыштар, сондай-ақ биік техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика