Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті •

    Ирандағы соғыс Қазақстанның сауда жолдарын жауып тастай ма?

    Ирандағы соғыс Қазақстанның сауда жолдарын жауып тастай ма?

    Фото: видеодан скрин

    Таяу Шығыстағы қақтығыс күшейген тұста Қазақстанның логистикасына қауіп бар ма? Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев осы сауалға жауап берді.

    Министрдің айтуынша, Қазақстан үшін негізгі стратегиялық бағыттар сақталып отыр. Алайда Парсы шығанағына бағытталған жүк тасымалында жүк жөнелтушілер көлемді уақытша ұстап отырғаны байқалады. Бұл – өңірдегі геосаяси жағдайға байланысты сақтық шарасы.

    «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі Түрікменстан арқылы өтеді. Дегенмен Түрікменстанға кіргеннен кейін бағыт Иран аумағы арқылы жалғасады. Яғни бұл маршрутта Иранды айналып өту мүмкін емес. Сондықтан қазіргі жағдай жүк жөнелтушілердің шешіміне әсер етіп отыр.

    Сонымен қатар министр шекарада жүк кептелісі немесе Иран бағытында тоқтап тұрған тауар көлемі туралы ресми дерек жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, егер ірі көлемде кідіріс болса, бұл туралы ақпарат құралдары әлдеқашан хабарлаған болар еді.

    Қазіргі таңда Иран бағытында «жүк тұр» деп айтуға негіз жоқ. Алайда Парсы шығанағына шығатын бағыттар бойынша бизнес сақтық танытып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →