Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті • Шымкентте ер адамды пышақтап өлтірді: күдікті — жұбайы • Тоқаев Германиямен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды • Дәрігерлер Z ұрпағының денсаулығындағы жиі кездесетін мәселелерді атады • Мароккода тарихта алғаш рет әйел премьер-министр болды • Тұрғындарға шұғыл ескерту: елімізде күн күрт суытады • Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті • Шымкентте ер адамды пышақтап өлтірді: күдікті — жұбайы • Тоқаев Германиямен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды • Дәрігерлер Z ұрпағының денсаулығындағы жиі кездесетін мәселелерді атады • Мароккода тарихта алғаш рет әйел премьер-министр болды •

    «Президент өңірлік ынтымақтастықтың маңызын үнемі айтады»: Журналист Таяу Шығыс туралы

    «Президент өңірлік ынтымақтастықтың маңызын үнемі айтады»: Журналист Таяу Шығыс туралы
    Фото: kazakh_inform

    Тележурналист Азамат Әбілқайыр геосаяси ахуалға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның айтуынша, Иран төңірегіндегі текетірес қауіптің әрдайым алыстан емес, кейде ең жақын ортадан да туындауы мүмкін екенін көрсетті.

    Осыған байланысты журналист Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымын еске салды. Президент өңірлік ынтымақтастықтың маңызын үнемі атап өтіп келеді. Ол Орталық Азия мемлекеттері арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға, сенімді диалог орнатуға және сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға айрықша мән береді. Мемлекет басшысының пікірінше, дамушы және орта державалар үшін ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өзара тығыз ықпалдастықты сақтау аса маңызды.

    Азамат Әбілқайыр жаһандық турбуленттілік жағдайында көрші елдер арасындағы өзара түсіністік пен прагматикалық ұстаным қауіпсіздіктің негізгі факторына айналатынын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанның сыртқы саясаттағы байыпты әрі теңгерімді бағытына назар аударып, күрделі өңірлік ортада сарабдал саясат жүргізіп отырған Иорданияның тәжірибесін мысалға келтірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →