Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды

    Петропавл көшесінде көлік түгелдей өртеніп кетті

    Петропавл көшесінде көлік түгелдей өртеніп кетті

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желілерде Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде түсірілген видео қызу талқыға түсті. Кадрларда бір автокөлік екіншісін арқанмен сүйреп келе жатқаны көрінеді. Алайда артта келе жатқан көлік сол сәтте лапылдап жанып, қалың түтінге оранған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жол бойына оттың ізі түсіп, қою қара түтін айналаны басқан. Куәгерлер түсірген бейнежазба оқиғаның қаншалықты қауіпті болғанын аңғартады.

    «Жұмысшы жанып жатыр» деген атаумен тараған ролик тұрғындардың ашуын туғызды. Бірі мұны жауапсыз әрекет деп бағаласа, енді бірі мұндай жағдайда неге жедел қызметтер бірден араласпағанына таңданады. Өртеніп жатқан көлікті қозғалыс үстінде сүйреу – жол қауіпсіздігі талаптарына қаншалықты сай?

    Оқиғаның немен аяқталғаны әзірге белгісіз. Құзырлы органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

    Видео: Instagram @obovsempetropavlovsk

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →