«Жасырын емес»: Спорт министрі Шайдоровтың жалақысы туралы

Фото: primeminister.kz/Instagram mikhail_shaidorov

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровтың жалақысы мен оның дайындыққа кеткен шығындары туралы бұрын ведомство жариялаған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Брифингте министр бюджет қаражаттары жабық ақпарат емес екенін, барлық мәліметтердің азаматтарға қолжетімді екенін атап өтті.

“Бізде бюджет жасырын емес. Барлық ақпарат ашық және қолжетімді”, – деді министр.

Сондай-ақ министр қысқы Олимпиада ойындарына барған делегацияның құрамын және сапарға бөлінген бюджет шығындары туралы сұраққа жауап берді.

“Делегация құрамы тиісті бұйрықпен бекітіледі. әр адамның халықаралық аренада спортшылармен жұмыс істеу кезінде нақты мақсаты болды. Артық адам болған жоқ”, – деді Ербол Мырзабосынов.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика