Фото: «Қайрат» ФК
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының ойын күнтізбесі толық белгілі болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Бұл жөнінде Kffleague.kz сайтында жарияланды.
Премьер-лига биылғы маусымының алғашқы турында 7 наурызда «Ақтөбе» — «Тобыл» (Қостанай), «Алтай» (Өскемен) — «Қайрат» (Алматы), «Оқжетпес» (Көкшетау) — «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) — «Ертіс» (Павлодар), 8 наурызда «Астана» — «Жетісу» (Талдықорған), «Атырау» — «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайсар» (Қызылорда) — «Жеңіс» (Астана), «Қызылжар» (Петропавл) — «Каспий» (Ақтау) ойнайды.
Екінші турда 14 наурызда «Қайсар» — «Астана», «Қайрат» — «Ақтөбе», «Тобыл» — «Жетісу», «Елімай» — «Алтай», 15 наурызда «Каспий» — «Оқжетпес», «Ертіс» — «Атырау», «Жеңіс» — «Ордабасы», «Ұлытау» — «Қызылжар» кездеседі.
Ал үшінші турда 19 наурызда «Оқжетпес» — «Ұлытау», «Ордабасы» — «Қайсар», «Жетісу» — «Қайрат», «Ақтөбе» — «Елімай», 20 наурызда «Алтай» — «Каспий», «Астана» — «Тобыл», «Атырау» — «Жеңіс», «Қызылжар» — «Ертіс» шеберлік байқасады.
