Сарыөзек тұрғындары батпақ кешіп жүр: Әкімдік сумен жабдықтау жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты

Фото: Pixabay

Сарыөзек кентіндегі Алтынемел көшесінің қазіргі ахуалы тұрғындардың ашу-ызасын туғызып, халық оқушылардың мектептке батпақ кешіп жетуге мәжбүр екенін жазған еді. Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі аталмыш жайтқа қатысты жауап берді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Қазіргі уақытта Сарыөзек ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру (5-кезек) жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның іске асырылу мерзімі – 2024 жылғы мамырдан 2026 жылғы тамыз айына дейін. Жоба аясында 120 шақырым су желісі ауыстырылып, 1162 су құдығы орнатылуда.

«Аталған құрылыс жұмыстарына байланысты уақытша жол жамылғысының бұзылуы орын алуда. Асфальт және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары топырақтың табиғи шөгуін ескере отырып, 2026 жылғы маусым айынан басталады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Жоба толық аяқталғаннан кейін көше инфрақұрылымы талапқа сай қалпына келтірілетін болады», — деп мәлімдеді әкімдік.

Қазіргі таңда қолайсыз учаскелерді қалпына келтіру, батпақты қыру және ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика