Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • Еліміз Германия компанияларын цифрлық технологияларға инвестиция салуға шақырды • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • Еліміз Германия компанияларын цифрлық технологияларға инвестиция салуға шақырды •

    Түркістан облысында 4 жасар бала мектепке барып жүр

    Түркістан облысында 4 жасар бала мектепке барып жүр

    Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Алтынтөбе ауылында нағыз вундеркинд өсіп келеді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Әли Адамбек есімді бала небәрі 4 жасында мектеп табалдырығын аттаған. Бойы тақтаға әрең жеткенімен, ойлау қабілеті ересектерді таңғалдырумен келеді.

    Зерек бала екі таңбалы, тіпті үш таңбалы сандарды ойша есептеп, көбейту амалдарын ағылшын тілінде еркін орындайды екен.

    «Алтынтөбе» орта мектебінің мұғалімі Әлия Миятбекованың айтуынша, 4 жасар бүлдіршін тіпті 5-6 сынып оқушылары шеше алмайтын күрделі есептерді шығарып, көпшілікті қайран қалдырып жүр.

    «Басқа балалар мультфильм көрсе, Әли ағылшын тіліндегі математикалық контенттерді қызығып тамашалайды. Ұйықтар алдында ертегі тыңдаудың орнына, жарты сағат бойы есеп шығарып, көбейту кестесін айтуды өтінеді», – дейді анасы Нұргүл Мырзағали.

    Әли әліппені де толық меңгерген, ендігі мақсаты – ағылшын тілінде жазуын жетілдіру, деп жазды әкімдік.

    Фото: Түркістан облысы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →