Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • Еліміз Германия компанияларын цифрлық технологияларға инвестиция салуға шақырды • «Қыста сусыз қаламыз ба?»: Хромтауда төрт үй екі жылдан бері жаңа су құбырына қосылмаған • Жаңа мектептің кірпіші үгіліп жатыр: Қостанайда ата-аналар қауіпсіздікке алаңдады • Бұрынғы әйелін пышақтаған: Астанада бірнеше полиция қызметкері жауапқа тартылды • «Үйіндегілер ештеңе демей ме»: Төреғалидің қарындасы қысқа киемін деп сынға қалды • Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады • Еліміз Германия компанияларын цифрлық технологияларға инвестиция салуға шақырды •

    Жүргізуші ҚазАвтоЖолдың жұмысына шағымданды

    Жүргізуші ҚазАвтоЖолдың жұмысына шағымданды

    Фото: видеодан скрин
    Әлеуметтік желіде республикалық тасжолдардың бірінде түсірілген видео қызу талқыға түсті. Кадрдан жол бойына шашылған ірі қиыршықтар анық көрінеді. Көлікпен қозғалып келе жатқан жүргізуші бұл жағдайға наразылығын жасырмай, жауапты мекемені сынға алған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Желі қолданушылары да пікір бөлімінде жаппай шағым жазды. Көпшілігі мұндай тастардың салдарынан көліктерінің алдыңғы әйнегі жарылып, материалдық шығынға ұшырағанын айтуда.

    Мәселен, бір жүргізуші:
    «Осындай тастардан алдыңғы әйнегімде төрт тесік пайда болды. Шығынды осы компания өтеп беруі керек», — деп жазған.

    Тағы бір пікірде:
    «Бүгін мен де жүрдім, үлкен тастар жатыр. Неге полиция бұған шара қолданбайды? Бұл апатқа әкелуі мүмкін», — делінген.

    Кей қолданушылар жағдай әдейі жасалғандай әсер қалдыратынын да алға тартқан. Ал енді бірі зардап шеккен жүргізушілерді сотқа жүгінуге шақырды.

    Осы мәселеге қатысты «ҚазАвтоЖол» өкілдері ресми жауап берді. Олардың мәлімдеуінше, видеода көрінген заттар тас емес, жолға себілетін арнайы материал.

    Мекеме түсіндірмесінде қыс мезгілінде, әсіресе жаңбырдан кейін, бұл материал жабысып, кейін қатып қалатыны айтылған. Температура төмендегенде олар мұз болып, механикалық әсерден үгітіледі. Сондай-ақ бұл «табиғи әрі қалыпты процесс» екені, жүргізушілерге айтарлықтай қолайсыздық тудырмайтыны жеткізілген.

    Алайда желідегі реакция бұған кереғар. Жүргізушілер мұндай түсіндірмені жауапкершіліктен жалтару деп бағалап отыр. Көпшілік жол сапасына жауапты мекеме келтірілген шығынды өтеуі тиіс деген талап қоюда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →