Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған «Бизнес уақыт жоғалтпауы тиіс»: Бектенов монополистерге екі ай уақыт берді Жәрдемақыдан анықтамаға дейін: Қазақстан мемлекеттік қызметтерді автоматтандырмақ «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Мемлекет басшысы Колумбия Президентіне жеделхат жолдады Мас еркек көшеде бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған «Бизнес уақыт жоғалтпауы тиіс»: Бектенов монополистерге екі ай уақыт берді Жәрдемақыдан анықтамаға дейін: Қазақстан мемлекеттік қызметтерді автоматтандырмақ

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Шымкентте аудандық полиция бастығы пара алғаны үшін 6 жылға сотталды

    Фото: Татьяна Корякина/Kazinform

    Шымкент қаласында аудандық полиция басқармасының бастығы аса ірі көлемде пара алғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған іс қаралды. Тергеу дерегіне сәйкес, Тұран аудандық полиция басқармасын басқарған азамат Т. өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша күдіктінің айыптау бабын жеңілдетуге уәде берген. Сол үшін ол 6 миллион теңге көлемінде пара алған.

    Сотта ұсынылған дәлелдемелер қатарына куәлардың айғақтары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері, сараптама қорытындылары мен заттай айғақтар болды. Бұл құжаттар сотталушының кінәсін толық растады.

    Мемлекеттік айыптаушы соттан Т.-ны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, өзін ақтауды талап етті және сотта жауап беруден бас тартты.

    Сот істі қарау барысында қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды анықтамады. Керісінше, қызметтік антты бұза отырып қылмыс жасауы жауапкершілікті ауырлататын жағдай ретінде бағаланды.

    Нәтижесінде сот Т.-ны Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ол арнайы шенінен айырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →