Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • «Яндекс» сервистеріндегі ақау: Қазақстанда такси мен курьерлік қызметтер уақытша тоқтады • Алматыда тұрғынды ұрлауға күдікті үш адам қамауға алынды • Қазақстан Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды қатаң айыптады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды •

    17 жыл құлдықта ұстаған Назгүл мен Құндыз қамқоршысының үйінен арнаулы орталыққа көшірілді

    17 жыл құлдықта ұстаған Назгүл мен Құндыз қамқоршысының үйінен арнаулы орталыққа көшірілді

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Тараз қаласының әкімдігі қамқоршысынан теперіш көрген Құндыз бен Назгүл арнаулы орталыққа орналастырылғанын хабарлады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әкімдіктің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты бейнежазба бұған дейін орын алған оқиғаға байланысты түсірілген.

    «Аталған жайт 2025 жылғы 29 желтоқсанда анықталған. Сол күні балалар мектепке келген кезде білім беру мекемесінің психологы олардың денесінде ұрып-соғу белгілерін байқаған. Осы дерек негізінде полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалып, балалардың заңды қамқоршысы ретінде көрсетілген З.Т. есімді азаматшаға қатысты тергеу амалдары басталды. Нәтижесінде  кәмелетке толмаған балаларды қамқорлығына беру туралы қаулының күші жойылды. Балалар 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылған», – делінген хабарламада.

    Ал кәмелетке толған Қ. және Н. есімді азаматшаларға қатысты қала әкімдігі өкілдері олардың тұрғылықты мекенжайына барып, арнаулы орталыққа орналастыру шараларын жүзеге асырды. Аталған дерек бойынша да полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →