Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бодрумда ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдады • Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 40 мың көрерменге мерейтойлық концерт берді • Ақмола облысында итті балтамен өлтірген ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды • Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды • Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму комитеті алғашқы отырысын өткізді • Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежайында қарсы алды • Бодрумда ресейлік жасөспірімге алып сегізаяқ шабуылдады • Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 40 мың көрерменге мерейтойлық концерт берді • Ақмола облысында итті балтамен өлтірген ер адамға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды • Алматыда түнгі ойын-сауық орнында жаппай төбелес болды • Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму комитеті алғашқы отырысын өткізді • Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежайында қарсы алды •

    Жамбылда бөтен қызды ұрған әйел: Сот жеңіл жаза тағайындауының себебі белгілі болды

    Жамбыл облысында балалар жанжалына араласып, бөтен қызды ұрған әйелге сот үкімі шықты. Ол 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

    Жамбылда бөтен қызды ұрған әйел: Сот жеңіл жаза тағайындауының себебі белгілі болды
    file_257.jpg

    Жамбыл облысында біреудің баласын ұрып-соққан әйелге қатысты сот үкімі шықты. Жаңатас қаласының тұрғыны 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Оқиға осы жылдың мамыр айында Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Балалар арасындағы жанжалға араласқан келіншек 2012 жылы туған қыз баланы ұрған.

    Сот процесінде прокурор айыпталушыны қоғамдық жұмысқа тарту жазасын қолдады. Сот әйелдің өз кінәсін толық мойындауын және асырауында жас баласының болуын жазаны жеңілдететін мән-жай деп тапты.

    Сонымен қатар, жәбірленуші қыздың анасы сотталушыны кешіргенін мәлімдеген. Сот үкімі заңды күшіне енді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →