Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    Оралдағы шұжық цехы: 40 жастағы жұмысшыны қондырғы жаншып тастады

    Орал қаласындағы шұжық цехтарының бірінде қайғылы оқиға тіркелді. 40 жастағы жұмысшы өндірістік қондырғыға қысылып, көз жұмды.

    Оралдағы шұжық цехы: 40 жастағы жұмысшыны қондырғы жаншып тастады
    file_229.jpg

    Орал қаласындағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны қондырғы қысып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға қаладағы ЖШС-нің біріне қарасты шұжық цехында болған. Өндірістік жарақат алған 40 жастағы ер адам сол жерде мерт болды.

    Бұл деректі Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті растады. Ведомство өкілдері оқиғаға қатысты тиісті іс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының қазасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →