Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдар Акаевтің өмірбаяны: Троекуров зиратындағы ерекше ескерткіш бейнероликте көрсетілді Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды Айдар Акаевтің өмірбаяны: Троекуров зиратындағы ерекше ескерткіш бейнероликте көрсетілді Астанада 27 шілдеде бірнеше мекенжайда жарық пен су өшеді «Ауылбай, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауылдықтарды кемсітіп, оңбай сөз естіді Салық органдары кәсіпкерлерге жалақыны медиандық деңгейге көтеруді талап етеді «Күйеуімді бірінші орынға қойыппын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды Алматы облысында өрт сөндірушілер үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

    Туған күнінде зорланған 7 жасар қыз: Астанада 82-дегі атасы 20 жылға сотталды

    Астанада 7 жасар шөбересіне сексуалдық зорлық көрсеткен 82 жастағы қария 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс баланың туған күнінде болған.

    Туған күнінде зорланған 7 жасар қыз: Астанада 82-дегі атасы 20 жылға сотталды
    file_105.jpg

    Астанада жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткен 82 жастағы қарияға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Смайылова өзінің Facebook парақшасында жазды. Қайғылы оқиға баланың туған күнін тойлау кезінде, туыстары жиналған шаңырақта болған. Қарияны қылмыс үстінен отбасы мүшелерінің өзі ұстап алған. Оқиғаның мән-жайын куәгерлердің жауаптары мен сот сараптамаларының нәтижелері растады.

    Сот ардагерді ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

    Дина Смайылованың айтуынша, қыздың анасы қорға 2025 жылдың 5 сәуірінен 6-на қараған түні, баланы сараптамаға апарған бойда хабарласқан.

    «Бұл ата өте пысық болып шықты. Ол қылмыс жасағанын анық түсінген, себебі оны қылмыс үстінде ұстап алғанда, қашып кетіп, полиция ұстағанша бір тәулік бойы ізін жасыруға тырысқан», – деп жазды құқық қорғаушы.

    Сондай-ақ, ол отбасы ішінде айыпталушының егде жасына байланысты істі сотқа жеткізбеуге шақырғандар болғанын да атап өтті.

    Еске салсақ, 2025 жылдың күзінде зейнеткерден бала босанған оқушы қыз үшін бүкіл ауыл шулаған еді. Тек сәби дүниеге келгеннен кейін ғана жасөспірім басынан өткен сұмдықты айтып берген болатын.

    Фото: Envato Elements

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →