Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 21 шілде 2026 $ 471,2 539,1 6,02
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда ескі көліктерге кіру шектеуі енгізіледі Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы Құтқарушылар имидждік рилс түсіріп әлек: СҚО турғындары өртті трактормен және шүберекпен өздері өшіруге мәжбүр Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді Алматыда ескі көліктерге кіру шектеуі енгізіледі Тұрсынбек Қабатов Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікір білдірді Халықаралық іздеу жарияланған үш Украина азаматы: бір миллиард долларлық онлайн-казино схемасы Құтқарушылар имидждік рилс түсіріп әлек: СҚО турғындары өртті трактормен және шүберекпен өздері өшіруге мәжбүр Ел халқы үшін қуанышты хабар шықты Мексикада Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетілді

    «Пиар емес»: ұшақта министр көмектескен адам танымал журналист болып шықты

    «Пиар емес»: ұшақта министр көмектескен адам танымал журналист болып шықты

    Фото: Видеодан кадр

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова рейс барысында есінен танып қалған жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткені хабарланған еді. Кейін белгілі болғандай, жағдайы күрт нашарлаған адам танымал журналист Гүлмира Әбіқай болған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Журналисттің айтуынша, оқиға таңғы алты шамасында орын алған.

    «Таңсәріде әлеуметтік желіде министрдің ұшақта науқас жолаушыға көмек көрсеткені жайлы ақпарат тарады. Бірі — бұл арнайы ұйымдастырылған PR десе, екіншілері — министр ең алдымен дәрігер, дұрыс жасаған деп пікір білдірген. Ал мен — сол рейсте, эконом-класстың 17J орнында отырған жолаушы ретінде денсаулығым кенет сыр берген сәтте жанашырлық танытқан барша адамға алғыс айтқым келеді», – деп жазды Гүлмира Әбіқай.

    Ол өзінің жағдайы кенеттен нашарлағанын айтты.

    «Ұшаққа отырған бойда көзім қарауытып, қауіпсіздік белдігі болмаса құлап қалуым мүмкін еді. Айналама жолаушылар жиналып, тіпті министрге «Дипломыңыз бар ма?» деп сұрағандарды да естідім. Дәл сол сәтте қасымнан табылған Ақмарал Әлназароваға ризашылығым шексіз. Дәрісін беріп, тыныштандырды. Бұл – ешқандай пиар емес», – деді журналист.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде министрдің жолаушыға көмек көрсеткені қызу талқыланып жатқан еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →